Венесуэлада Раисидың қатысуымен екі ирандық автокөлік өндіруші  желісі  қайта іске қосылды
(last modified Wed, 14 Jun 2023 11:16:08 GMT )
Маусым 14, 2023 17:16 Asia/Almaty
  •  Венесуэлада Раисидың қатысуымен екі ирандық автокөлік өндіруші  желісі  қайта іске қосылды

Венесуэлада Иран Президентінің қатысуымен екі ирандық көлік өндіруші кәсіпорынның өндірістік желісі қайта іске қосылды.

Сейед Ибрахим Раиси Венесуэлаға ресми сапарының екінші күнінде Венесуэлада ұзақ жылдардан кейін қайта жанданған ирандық екі көлік өндіруші кәсіпорынның өндірістік желісін аралады. Осы мақсатта ұйымдастырылған көрмеде Ұзақ жылдардан кейін Венесуэлада өндірістік және экспорттық желісін қайта іске қосқан «Трактор Сази Ван-Иран» және «Сайпа» екі фирмасының өнімдерінің бір бөлігі көрсетілді. Венесуэладағы ирандық трактор зауытының өндірістік қуаты жылына 1200 тракторды құрайды және мыңдаған венесуэлалық фермерлер компанияның өнімдерін алу үшін кезекке тұрды.

Иран Президенті осы көрмені аралау кезінде 9 жыл жабылған трактор зауытын және 7 жыл жабылғаннан кейін автомобиль зауытын қайта іске қосу бұйрық берді. Бұл елде 2000 жылдары Иран мен Венесуэла компанияларының серіктестігі ретінде құрылған трактор зауыты мен автомобиль зауыты 11-ші және 12-ші үкіметте жабылып, жақында кедергілерді жою арқылы қайта жанданды.