Иран мен Никарагуаның екіжақты қарым-қатынасын кеңейту керек
(last modified Thu, 15 Jun 2023 10:00:32 GMT )
Маусым 15, 2023 16:00 Asia/Almaty
  • Иран мен Никарагуаның екіжақты қарым-қатынасын кеңейту керек

Иран мен Никарагуа Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде екіжақты қатынастың қазіргі жағдайы және халықаралық мәселелер талқыланды.

Амир Абдуллахиан Никарагуа үкіметіне ИИР жоғары мәртебелі делегациясын қабылдағаны үшін алғыс айтып, екі ел басшыларының келіссөздерін өзара ынтымақтастықты дамытып, нығайтуға пайдалы да конструктивті деп атады.

Никарагуа Сыртқы істер министрі Денис Монкада да Иран делегациясының Манагуаға келгеніне ризалық білдіріп, өз елінің Иранмен барлық салаларда, әсіре экономиканың түрлі салаларында әріптестікті нығайтып, байланыс деңгейін жоғарылатуға дайын екенін айтты.

 

Тегтер