Маусым 15, 2023 16:21 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Кубаға жол тартты

Латын Америкасы елдеріне сапарының соңғы мақсатында ИИР Президенті Кубаның астанасы Гаванаға барды. Оны Кубаның Сыртқы істер министрі қарсы алды. Осы сапарда Раиси Куба басшыларымен екіжақты қарым-қатынасты дамытып, тереңдету туралы кеңесетін болады.

Куба Президенті Мигел Диас-Канелдің ресми шақыруымен осы елге аттанған Ибрахим Раиси бейсенбі күні Фидель Кастро мен Че Гевараның еліне аяқ басты. Әуежайда оны Кубаның басшылары қарсы алды.

Кубаның қазіргі Президенті биыл наурыз айында осы елдің Парламенті тарапынан екінші рет 5 жылдық мерзімге тағайындалған болатын. Ол 2018 жылы сәуірде президент болып сайланып, Фидель Кастроның інісі Раульдың орнын алмастырған еді.

Иран Президенті дүйсенбі, 12 маусымда жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап, Латын Америкасындағы дос әрі бауырлас елдермен қарым-қатынасты нығайту мақсатында Венесуэла, Никарагуа және Куба елдеріне аттанды. 5 күндік сапардың бірінші мақсаты Каракас қаласы болды.  

Тегтер