Маусым 16, 2023 17:56 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Гаванадан Теһранға қайтты

Иран Президенті Латын Америкасының үш еліне бескүндік сапарының соңында Куба астанасы Гаванадан Теһранға ұшып кетті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Венесуэла, Никарагуа және Куба басшыларының ресми шақыруымен Латын Америкасының осы үш еліне жасаған сапары аяқталғаннан кейін жұма күні таңертең Гаванадан Теһранға қайтты.

Иран Президенті осы сапарда Венесуэла, Никарагуа және Куба басшыларымен кездесумен қоса, осы үш елдің кәсіпкерлері, ғалымдары және университет белсенділерімен кездесіп, сұхбаттасты.

Түрлі салаларда әріптестік деңгейін арттырып, байланысты дамыту үшін жасалған бұл сапарда Иран мен Латын Америкасының үш елі арасында жалпы 28 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Тегтер