Маусым 16, 2023 18:21 Asia/Almaty
  • Иран мен Куба арасында 6 ынтымақтастық құжатына қол қойылды

Иран мен Кубаның жоғары лауазымды тұлғалары екі ел президенттерінің қатысуымен 6 ынтымақтастық құжатына қол қойды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран мен Куба Президенттері Ибрахим Раиси мен Мигел Диас-Канелдің қатысуымен екіжақты ынтымақтастық құжаттарына қол қою рәсімі өтті. Сот, саясат, кеден және технология салаларында 6 меморандумға қол қойылды.

Соңғы жылдары Иран мен Латын Америкасы елдері арасында қарым-қатынас үздіксіз дамып, саясат, экономика, сауда, өнеркәсіп, энергетика, медицина және басқа басқа салаларды қамтып келеді.

Тегтер