Маусым 16, 2023 19:08 Asia/Almaty
  • Раиси Гавананың Гендік инженерия орталығының жұмысымен танысты

Иран Президенті бейсенбі күні Кубаға ресми сапары аясында Гаванадағы Гендік инженерия орталығын (CIGB) тамашалады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раисидің осы орталықпен танысуы барысында орталық директоры Марта Айяла Авила орталықтың жұмысы және соңғы жетістіктері туралы түсіндіріп, гепатит пен обырға қарсы дәрі-дәрмек пен вакциналар, мал және егін шаруашылығына қажетті дәрілер өндіріліп, жаһандық нарыққа шығарылып жатқанын айтты.

CIGB директоры: "Біз Covid-19-ға қарсы вакцина жасауда тек Иранмен әріптестік жасадық. Өйткені Иран мен Куба – ең ауыр қысымдарға ұшырап отырған елдер. Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге талпыныстарды көбейту керек",-деді.

CIGB-ның бұрынғы басшыларының бірі Иранның Пастур институтымен бірге Covid-19-ға қарсы вакцина жасалғанына тоқталып: "Коронавирусқа қарсы "PastoCovac" вакцинасы – әлемде балаларға арналған ең мықты вакцина",-деді.   

Тегтер