Маусым 16, 2023 19:10 Asia/Almaty
  • Рауль Кастро мен Раиси кездесті

Кубаның рухани көсемі Рауль Кастро Иран Президентінің Кубаға сапары аясында Ибрахим Раисимен жүздесті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бейсенбі күні түстен кейін Кубаға екікүндік сапарының бағдарламасының соңғы бөлімінде осы елдің бұрынғы Президенті әрі рухани көсемі Рауль Кастромен кездесіп: "Қазіргі таңда Гавана мен Теһранның саяси қарым-қатынасы өзара байланыс орнағалы бері ең жоғары деңгейге тұр",-деді.

Иран Президенті Куба үкіметі мен халқының АҚШ-тың 60 жыл бойы осы елге қарсы салған біржақты әрі әділетсіз санкцияларына табанды қарсы тұрып, сабырлық пен азаттық рухын сақтап қалғанына ризалық білдіріп, адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатындардың Куба халқының құқықтарын ауқымды түрде бұзып жатқанын айыптады.

Рауль Кастро осы кездесуде Иран халқының революциялық күресі және 44 жыл бойы жаһандық үстемшілдер мен империалистерге қарсы тұрып келе жатқанын мақтап: "Қазіргі таңда біржақтылық дәуірі аяқталды. Көпжақты жүйе қалыптасып келеді",-деді.

Тегтер