Шанхайда Иран-Қытай сауда палатасының кеңсесі ашылады
(last modified Fri, 16 Jun 2023 13:36:58 GMT )
Маусым 16, 2023 19:36 Asia/Almaty
  • Шанхайда Иран-Қытай сауда палатасының кеңсесі ашылады

Иран-Қытай сауда палатасының төрағасы: "Келесі аптада Иран Экономика министрінің Қытайға сапары барысында Шанхайда осы палатаның ресми кеңсесі ашылады",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджидреза Харири: "Шанхайда Иран-Қытай сауда палатасының кеңсесі ашылғаннан кейін Қытайда Иран тауарларының тұрақты көрмесі ашылғандай болады. Бұл Қытайға тауар экспортын дамыту жолында маңызды қадам бола алады",-деді.

Маджидреза Харири Қытайға тауар экспорттауда туындап отырған басты түйткілдердің бірі экспорттық тауарлардың әралуандығының аздығы екенін айтып: "Ресми статистика бойынша, Иранның мұнайдан тыс экспорттық тауарларының 30 пайызы Қытайға шығарылады. Тура осы статистикада көрсетілгендей, экспорттың 90 пайызы мұнай және минералдық өнімдерге тиесілі. Біздің Қытайға экспортымыздың 10 пайызын ғана басқа тауарлар құрайды",-деді.

 

Тегтер