Мәскеу: Украина Донецк бағытында өз күштерінің жартысынан көбінен айырылды
(last modified Mon, 19 Jun 2023 16:51:21 GMT )
Маусым 19, 2023 22:51 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Украина Донецк бағытында өз күштерінің жартысынан көбінен айырылды

Ресейдің Қорғаныс министрлігі: "Украина күштерінің Донецктің оңтүстігі бағытында алға жылжуға талпынысы күштердің жартысынан көбінің қырылуына әкеліп соқтырды",-деді.

Бұдан бұрын Ресейдің саяси-әскери басшылары Украина армиясының Ресей күштеріне қарсы шабуылында ауыр адами шығын көргенін хабарлады.

Ресей Президенті Владимир Путин: "Украинаның қарымта шабуылы еш нәтиже бермеді. Украина армиясының шығыны Ресейдікінен 10 есе көп. Украина Батыс елдері жіберген әскери жабдықтардың 30 пайызынан айырылды",-деді.

Соңғы айларда Украинаның қарымта шабуылға шығатыны туралы дабыра ақпарат таратып, өз болжамдарын айтқан Батыс ақпарат құралдары өткен аптада осы шабуылдар басталған соң соғыс алаңындағы жағдайға қатысты үнсіз қалып отыр.