Маусым 22, 2023 16:39 Asia/Almaty
  • Иран мен Швеция Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Бильстрем телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынасты одан ары дамыту керегін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан мен Тобиас Бильстрем телефон арқылы сұхбатта екіжақты қарым-қатынастың соңғы жағдайы, аймақтағы өзгерістер және екі елді қызықтыратын тақырыптарды талқылады. Осы сұхбатта консулдық ынтымақтастық мәселелері де қарастырылды.

Иран мен Швеция Сыртқы істер министрлерінің сұхбаты Амир Абдуллахианның Парсы шығанағы елдеріне сапары аясында қазір БАӘ-де жүрген кезінде орын алды.

Амир Абдуллахиан бейсенбі күні таңертең Парсы шығанағы елдеріне сапарының төртінші және соңғы мақсатында Абу-Даби әуежайында БАӘ кеңесші-министрі Халифа Шахин әл-Марар тарапынан қарсы алынды.

Амир Абдуллахианның БАӘ-дегі кездесулерінде аймақ пен әлемдегі маңызды мәселелер талқыланады.

Тегтер