Маусым 22, 2023 17:10 Asia/Almaty
  • БҰҰ-дағы Иран елшісі: Талибан халықаралық міндеттемелерін орындамай отыр

БҰҰ-дағы Иран елшісі Талибанның өзіне тиісті халықаралық міндеттемелерін орындамай отырғанын айтып: "Ауғанстандағы Талибан үкіметімен конструктивті әріптестік сақталуы тиіс. Өйткені бұл қатынас бәрінің –Ауғанстан халқы, көршілес елдер, жалпы аймақ пен халықаралық қауымдастықтың мүддесіне сай келеді ",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстан туралы отырысында: "Иран сондай-ақ Ауғанстанда бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға көмектесу үшін басқа көршілес елдер, серіктестер және БҰҰ-мен жақын әріптестік жасауға дайын",-деді.

БҰҰ-дағы Иран елшісі: "Ауғанстанның сыртқы активтерін бұғаттау және оған біржақты санкция салу қазіргі жағдайды одан ары ушықтырып жіберді. Осы елде гуманитарлық жағдайға әсерлі түрде қарайласуға айтарлықтай кедергі келтіріп отыр",-деді.

Амир Саид Иравани: "Халықаралық қауымдастық өзінің гуманистік міндеттемелерін орындап, Ауғанстан халқына тілеулестігін білдіріп, әл-ауқат жақсы болатын тұрақты болашаққа үміт беруі тиіс",-деді.   

Тегтер