Маусым 22, 2023 17:55 Asia/Almaty

Францияның Ішкі істер министрі: "Парижде болған жарылыста 37 адам жараланды",-деді.

Сәрсенбі күні Париждегі америкалық сән үйінде екі жарылыс болып, ғимарат жанып кетті.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Францияның Ішкі істер министрі екі адам әлі де қирандылардың астында қалғанын айтып, денелерді табу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Шамамен 270 өрт сөндіруші көлік оқиға орнына жіберілді. Құтқару топтары екі адамды қирандылар астынан алып шығуға тырысып жатыр.

Францияның Ішкі істер министрі: "Париж прокуратурасы осы жарылыс туралы тексеріс жүргізеді",-деді.

Тегтер