Амир Абдуллахиан Лавровпен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Sun, 25 Jun 2023 10:32:07 GMT )
Маусым 25, 2023 16:32 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Лавровпен телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы және Ресейдің кейбір өңірлерінде орын алған өзгерістер туралы пікір алмасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күні Сергей Лавровпен сұхбатында барлық елдерде, соның ішінде дос әрі көршілес Ресейде заңды үкіметтің билік құрғанын қолдайтынын және елдердің ішкі ісіне сырттан араласуды сынап, Ресейдегі жағдайды толығымен ішкі мәселе деп атап, Ресей үкіметінің бұл кезеңнен абыроймен шығатынына сенім білдірді.

Сергей Лавров Ресей Президенті Владимир Путиннің сөздеріне тоқталып, елдің бүкіл территориясында заңды үкіметтің билігі жүретінін айтып: "Ресей бұл жағдайдан тез шығады",-деді.  

Тегтер