Дүниежүзілік исламдық ояну форумы: Қасиетті нәрселерді қорлау қабылданбайды
(last modified Mon, 26 Jun 2023 12:17:29 GMT )
Маусым 26, 2023 18:17 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік исламдық ояну форумы: Қасиетті нәрселерді қорлау қабылданбайды

Дүниежүзілік исламдық ояну форумы сионистік қоныстанушылардың Құран Кәрімді өртеп, қорлау әрекетін айыптап, қасиетті нәрселерді қорлау әлемнің ешбір жерінде қабылданбайтынын жариялады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша, Дүниежүзілік исламдық ояну форумы өз мәләмдемесінде былай деді "Қонысшылардың сионистік режимнің қолдауымен өшпенділік тарату және мұсылмандардың сезімін ренжіту мақсатында Құран Кәрімді қорлауы діндер арасындағы ашу-ыза мен өшпенділік тудыратыны сөзсіз. Батыс елдері мен құқық қорғаушылары мұндай әрекеттерге үнсіз отырып, экстремистер мен жалған сионистік режимнің мұсылмандардың қасиетті жерлеріне тіл тигізу және бейкүнә әйелдер мен балаларды өлтіру, зорлау және лаңкестік әрекеттерде тәкаппарлық танытуы үшін алаңды ашық қалдырды".