Раиси: Иран мен Катарда өзара әріптестікті дамытуға тиісті әлеуеттер бар
(last modified Wed, 28 Jun 2023 13:50:47 GMT )
Маусым 28, 2023 19:50 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Катарда өзара әріптестікті дамытуға тиісті әлеуеттер бар

ИИР Президенті Катар әмірімен телефон арқылы сөйлесіп: "Иран мен Катарда екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға тиісті әлеуеттер бар",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд әл-Санимен телефон арқылы сұхбаттасып, оны және Катар халқын Құрбан айтпен құттықтай келіп: "ИИР Катармен қарым-қатынас деңгейін жоғарылатып, әріптестікті кеңейтуді қалайды",-деді.

Катар әмірі осы сұхбатта Иран халқы пен Президентін Құрбан айтпен шын жүректен құттықтап, өз елінің Иранға инвестиция салып, экономикалық байланыстарды арттыруға дайын екенін мәлімдеді.

 

Тегтер