Еуразия экономикалық одағына мүше елдер Теһранның мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуы керек
(last modified Wed, 28 Jun 2023 14:48:55 GMT )
Маусым 28, 2023 20:48 Asia/Almaty
  • Еуразия экономикалық одағына мүше елдер Теһранның мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуы керек

Еуразия экономикалық одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің экономикалық өкілдері Теһранда өтетін Еуразия мамандандырылған көрмесіне белсене қатысуы керегі айтылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылы 4-8 қыркүйекте Теһранда өтетін II Еуразия мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру жиналысына көршілес және Еуразия елдері мен Үндістанның экономикалық өкілдері қатысты.

Осы отырыста Еуразия мамандандырылған көрмесінің атқарушы директоры Әбдіреза Джафари сөз сөйлеп: "Он үшінші үкіметтің саясаты – көршілес және аймақтық елдермен тығыз байланыс орнату. Сол себепті көрмеге қатысушыларға валюталық тарифті төмендету көзделген",-деді.

Ирандағы Ресейдің сауда өкілі Рустам Жиганшин: "Иран мен Ресейдің сауда қатынасы өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артты. Ресейлік компаниялар Иранда өтетін көрмелерге қызығушылық танытып отыр",-деді.