Ресейде Құранға құрметсіздік көрсету – қылмыс
(last modified Thu, 29 Jun 2023 12:31:47 GMT )
Маусым 29, 2023 18:31 Asia/Almaty

Ресей Президенті Батыстағы кейбір елдерде Құранға көрсетілген құрметсіздікке реакциясында: "Біздің елімізде Құранға құрметсіздік көрсету – қылмыс",-деді.

Ресей Федерациясының Дағыстан автономды республикасындағы Дәрбәнд қаласының Орталық мешітіне барған Владимир Путин Құран кітабын сыйға алғаннан кейін оны құшақтап, қасиетті кітапты өртеу сияқты әрекеттерді айыптап: "Мұсылмандардың қасиетті кітабына мұндай қатынас көрсету – қылмыс. Ресей архиепископы бізге мұсылмандар біздің бауырларымыз деп айтып отырады",-деді.

Ол: "Құран кітабын жағу сияқты әрекеттер біздің елімізде конституция мен қылмыстық кодекстің 282-бабы бойынша қылмыс болып саналады. Біз әрдайым осы заңды ұстанып келеміз",-деді.

Ресей Президенті: "Бұл кітап халқымыздың нығаюына септігін тигізеді. Халқымыз әртүрлі ұлт өкілдерінен тұрады, бірақ біртұтас. Бұл кітап мұсылмандар мен басқаларға қасиетті. Алайда кейбір елдерде оған өзгеше қатынас көрсетілетінін, халықтың діни сезіміне құрметпен қарамайтынын және мұны қылмыс деп санамайтынын білеміз",-деді.