Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Құран Кәрімді қорлау туралы кезектен тыс отырысы өтеді
(last modified Fri, 30 Jun 2023 16:10:24 GMT )
Маусым 30, 2023 22:10 Asia/Almaty
  • Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Құран Кәрімді қорлау туралы кезектен тыс отырысы өтеді

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Хатшылығы қасиетті Құранға тіл тигізгеннен кейін бұл ұйымның кезектен тыс отырысын өткізетінін хабарлады.

 

IranPress-тің хабарлауы бойынша, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының хатшысы Швецияда Құран Кәрімді қорлауды қарастыру мақсатында келесі аптада Сауд Арабиясының Джидда қаласында осы ұйымның кезектен тыс отырысы өтетінін хабарлады.

Бұл кездесу осы ұйымның кезеңдік төрағасы ретінде Сауд Арабиясының шақыруымен өтеді.