Иран Президенті: Ислам үмбеті Құранға көрсетілген құрметсіздікке белсенді түрде қарсылық білдіруі тиіс
Иран Президенті Алжир Президентімен телефон арқылы сұхбаттасып, Батыстағы кейбір елдердің Құранға құрметсіздік көрсетуіне және сионистік режимнің басқыншылықтарына белсенді түрде қарсылық білдіру ислам үмбеті саналатын әрбір адамның міндеті деп атады.
Иран Президенті Теһран үкіметінің дос әрі жақтас ислам елдерімен қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін айтып: "Өзара әлеуеттерді ескере отырып, екі елдің қарым-қатынасы әсіресе сауда-экономикалық салада күн сайын арта түседі",-деп үміт білдірді.
Алжир Президенті Әбдімәжит Теббун осы сұхбатта Иран үкіметі мен халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, исламдық болмысты қорғау керегін айтып, өз елінің ИИР-мен барлық салада байланысты нығайтуға қызығатынын мәлімдеді.