Амир Абдуллахиан: Швецияда Құранға қарсы жасалған әрекетті айыптады
Иран Сыртқы істер министрі Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысымен телефон арқылы сұхбаттасып, Швецияда Құранға қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптады.
Амир Абдуллахиан осы әрекетті қарастыру үшін Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысымен бір мезгілде Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлер кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізуді ұсынды.
Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің Швециядағы әрекетті айыптауға қатысты реакциясына алғыс айтып: "Осы тақырыпты талқылау үшін Джиддада елшілер мен тұрақты өкілдер деңгейінде шұғыл жиналыс өткізу жоспарланып отыр",-деді.
Хұсейн Ибрахим Тәһ: "Келесі аптада Бакуде Қосылмау қозғалысының отырысы аясында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Иран Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс жиналысын өткізу туралы ұсынысты мүше елдермен талқылайтын боламыз",-деді.