Шіл 01, 2023 19:23 Asia/Almaty

Биыл түрлі елдерден Меккеге барған 2 млн-ға жуық зияратшы қажы атанды.

2023 жылғы қажылық х.қ.ж.с.б. 1444 жыл 8 зилхаджеде зияратшыларды Арафа даласына жіберумен ресми түрде басталды. Бүгін әлемнің 100-ден аса елінен келген 2 млн-ға жуық мұсылман қажылық рәсімдерін аяқтады.  

Саудиялықтар коронавирусқа байланысты 3 жыл қажылыққа шектеу қойған еді. Биыл қажылық рәсімдерін ешбір шектеусіз миллиондаған зияратшының қатысуымен өткізді.

Метеорологиялық ақпараттарға сәйкес, биыл ең ыстық қажылыққа куә болдық. Саудиялықтар зияратшылардың жолына тұман шашқыш аппараттар қойды.

Биылғы қажылыққа Ираннан 87541 адам қатысып, қажы атанды. 9 адам қажылыққа барудан бас тартқан. Мұхаррам айының басына дейін қажылар елдеріне қайтады деп жоспарланып отыр.

 

Тегтер