Мәскеу: Түркия дос емес елге айналып барады
(last modified Tue, 11 Jul 2023 11:52:06 GMT )
Шіл 11, 2023 17:52 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Түркия дос емес елге айналып барады

Ресей Кеңесі Ресей Федерациясы Кеңесінің Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Түркияның соңғы кездегі арандатушылық әрекеттерінің бұл елді дос емес елге айналдырғанын айтты.  

Ресей Федерациясы Кеңесінің Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Виктор Бондаров Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Түркияның  арандатушылық шешімдерінен  кейін  достық  емес елге  айналып бара жатқанын мәлімдеді.

 НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Литваның Вильнюс қаласында өткен отырыс қарсаңында: "Түркия президенті Швецияның осы әскери одаққа мүше болуын мақұлдауға қарсылықтан бас тартты",- деп мәлімдеді.

 Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өткен жұмада украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесуінде Украинаның НАТО-ға мүшелігін қолдаған болатын.

 Түркияның бұл әрекеттеріне реакция білдірген Бондаров: «Өкінішке орай, өткен апталардағы оқиғалар Түркияның біртіндеп бейтарап елден дос емес елге айналып келе жатқанын анық көрсетеді»,- деді.