Раиси: Байлықты талан-таражға салу және африкалықтардың құлға айналуы – руханиятсыз саясаттың жемісі
ИИР Президенті Уганда ұлттық мешітінде өткен дінаралық басқосуда: «Байлықтарды талан-таражға салу және африкалықтардың құлдыққа түсуі – руханиятсыз саясаттың нәтижесі»,- деді.
Ибрахим Раиси бұл кездесуде: «Бүгінгі таңда жастар мен халықты дұшпандардың мәдени шабуылынан қорғайтын нәрсе – діни болмысты сақтау шаралары аясында мешіттерге бару және руханиятқа көңіл бөлу»,- деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Уганда ұлттық мешітінің мәдени кеңесінің мүшелері мен көптеген намазхандардың қатысуымен өткен рәсімге қатысқан Раиси: «70 жыл Палестина халқын басып-жаншу, елдер байлығын талан-таражға салу, Африка халқын құл ету, Ауғанстан мен Ирак халқын басып-жаншу, алауыздықты тарату және экстремизмді насихаттау және әлемнің әр түкпірінде сепаратистік саясатты жүзеге асыру – мұның бәрі руханилық пен Аллаға назар бөлмеу саясаттың жемісі»,- деп айтты.