Раиси: Иран мен Уганда арасындағы сауда көлемін 10 есеге дейін арттыруға болады
https://itolqyn.com/news/world-i71078-Раиси_Иран_мен_Уганда_арасындағы_сауда_көлемін_10_есеге_дейін_арттыруға_болады
ИИР Президенті Иран мен Уганда арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін бар мүмкіндіктерді өте алуан түрлі деп санап, Иран мен Уганда арасындағы сауда көлемін 10 есеге дейін арттыруға болатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 14, 2023 17:43 Asia/Almaty
  •   Раиси: Иран мен Уганда арасындағы сауда көлемін 10 есеге дейін арттыруға болады

ИИР Президенті Иран мен Уганда арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін бар мүмкіндіктерді өте алуан түрлі деп санап, Иран мен Уганда арасындағы сауда көлемін 10 есеге дейін арттыруға болатынын мәлімдеді.


 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибрахим Раиси  Угандаға сапары барысында екі елдің кәсіпкерлері мен экономикалық белсенділерінің бірлескен отырысында екі ел арасындағы екіжақты экономикалық және сауда қатынастарын арттыру туралы келісімге тоқталып: «Иран мен Уганда арасындағы сауда-экономикалық алмасудың қазіргі көлемі екі елдің ешқайсысы үшін де қолайлы емес, ал екі ел арасындағы сауда көлемін қазіргі көлемнен оңай 10 есеге арттыруңа болады»,- деді.