Шіл 16, 2023 14:38 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО): Иранның астық өндірісі биыл 20 миллион тоннадан асады

Дүниежүзілік азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) ағымдағы егін жылы (2023 ж.) Иранда 20,6 миллион тонна астық өндіруді болжау арқылы Иранның астық қоры тұрғысынан әлемде сегізінші орынға тұрақтанғанын хабарлады.

Өнеркәсіп ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ФАО-ның болжамына сәйкес, Иранның бидай өндірісі биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артып,   өткен жылғы 13 миллион тоннадан ағымдағы егін жылы 13,5 миллион тоннаға жетеді.

Осы есеп бойынша, 2022 жылдың соңында әлемдік астық қорының шамамен 1,5 пайызы Иранға тиесілі. Дүние жүзіндегі астықтың жалпы қоры биылғы жылдың соңында 857 миллион тоннаға бағаланып отыр, оның 294 миллион тоннасы бидайға, 197 миллион тоннасы күрішке тиесілі. Иран 12,5 миллион тонна астық қорымен әлемде сегізінші орында.

 

Тегтер