Ресей  Иранның аумақтық тұтастығын құрметтеуді қуаттады
(last modified Sun, 16 Jul 2023 12:09:01 GMT )
Шіл 16, 2023 18:09 Asia/Almaty
  • Ресей  Иранның аумақтық тұтастығын құрметтеуді қуаттады

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары және осы ел президентінің Батыс Азия және Африка істері бойынша арнайы өкілі Михаил Богданов дос ел ретінде Иранның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге баса назар аударды. Ол бұл сөздерді Мәскеудегі Иран Ислам Республикасының елшісі Казем Джалалимен кездесуінде айтты.

 

Ресейдің Иранның аумақтық тұтастығын құрметтеуге баса назар аударуы Мәскеудің Парсы шығанағындағы Иранның үш аралына қатысты ұстанымынан кейін Иран билігі мен БАҚ-тың көптеген реакцияларынан кейін айтылды. Теһран бұған дейін де талай рет Абу Мұса, Кіші Тонб және Үлкен Тонб атты үш аралды ИИР-нығ ажырамас әрі мәңгілік бөлігі деп атады және осыған байланысты кез келген талапты айыптады.

Үш арал мәселесі - Иран мен БАӘ арасындағы негізгі қайшылықтардың бірі. БАӘ бұл үш аралды осы елге тиесілі, бірақ қазір оларды Иран басып алуда   деп мәлімдейді. Иран бұл үш аралды өз аумағының ажырамас бөлігі деп санайды және оған қатысты кез келген келіссөздер мен халықаралық арбитражды қабылдамайды.

10 шілде, дүйсенбі күні  Парсы шығанағы ынтымақтастығы елдері мен Ресей сыртқы істер министрлерінің алтыншы кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасалды. Онда 6 араб елі мен Ресей БАӘ-нің Ұлы Тонб, Кіші Тонб және Абу Мұса үш аралының егемендігі туралы талабына сілтеме жасай отырып, БАӘ-нің бұл мәселені Иранмен немесе халықаралық сотпен екі жақты келіссөздер арқылы шешуге деген талпыныстарын қолдайтынын мәлімдеді.

Бұл мәселе ИИР-нығ Мәскеуге ресми наразылығымен аяқталды және Сыртқы істер министрі мен кейбір лауазымды тұлғалардың айқын ұстанымына қоса, Теһрандағы Ресей елшісі шақырылып, Иранның жоғарыда аталған мәлімдеменің мазмұнына қарсылығы туралы хабардар етілді.

Бұл ұстаным Иранның Ресеймен, сондай-ақ Қытаймен жақын қарым-қатынасына қарамастан, бұл елдер әсіресе Парсы шығанағының оңтүстік шекарасындағы елдермен қарым-қатынастарды дамыту аясында Иранның аумақтық тұтастығына қарсы позицияларды ұстанған сайын, Теһранның реакция жасаудан еш тартынбайтынын көрсетеді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бұрынғы шағымдарынан, әсіресе 1980 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тақырыпты көтеруінен  нәтиже алмаған БАӘ, қазір бұл салада халықаралық державалардың қолдауына ие болуға тырысуда. Әрине, Иранның Абу Мұса, Үлкен Тонб және Кіші Тонб аралдарының ұлттық егемендігі мен аймақтық күштердің тепе-теңдігіне қатысты күшті құжаттарын ескерсек, БАӘ-нің табысқа жету ықтималдығы аз.