Раиси: Өндіріс бөлімшелерінің жандануы үкіметтің өндірісті қолдауға бел байлағанының белгісі
(last modified Wed, 19 Jul 2023 11:46:08 GMT )
Шіл 19, 2023 17:46 Asia/Almaty
  • Раиси: Өндіріс бөлімшелерінің жандануы үкіметтің өндірісті қолдауға бел байлағанының белгісі

Иран Президенті: "Тоқтап тұрған өндіріс пен өнеркәсіптік бірліктерді өндірістік циклге қайтарудағы табыстар экономикалық өсу мен өркендеуге ықпал етумен қатар, жоғалған жұмыс орындарын қалпына келтіреді және халықтың үміті мен сенімін арттырады",- деді.

 

ИИР Президенті Ибрахим Раиси Кохкилое және Боер Ахмад  облысына жасаған екікүндік сапары кезінде облыс тұрғындарының ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін халыққа  алғыс айтты. Ол: "Барлық мекемелердің су, электр қуаты, жолдар, мұнай-химия және тазарту салаларындағы бірнеше маңызды инфрақұрылымдық және сервистік жобаларды аяқтау және оларға қол жеткізудегі жиһадтық күш-жігері осы жартылай аяқталған жобаларда бекітілген байлықты жүзеге асырумен қатар,  облыстарға жаңа капиталды тартуға негіз жасау арқылы өркендеу мен экономикалық өсуге әкеледі",- деді.