Раиси: Өндіріс бөлімшелерінің жандануы үкіметтің өндірісті қолдауға бел байлағанының белгісі
Иран Президенті: "Тоқтап тұрған өндіріс пен өнеркәсіптік бірліктерді өндірістік циклге қайтарудағы табыстар экономикалық өсу мен өркендеуге ықпал етумен қатар, жоғалған жұмыс орындарын қалпына келтіреді және халықтың үміті мен сенімін арттырады",- деді.
ИИР Президенті Ибрахим Раиси Кохкилое және Боер Ахмад облысына жасаған екікүндік сапары кезінде облыс тұрғындарының ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін халыққа алғыс айтты. Ол: "Барлық мекемелердің су, электр қуаты, жолдар, мұнай-химия және тазарту салаларындағы бірнеше маңызды инфрақұрылымдық және сервистік жобаларды аяқтау және оларға қол жеткізудегі жиһадтық күш-жігері осы жартылай аяқталған жобаларда бекітілген байлықты жүзеге асырумен қатар, облыстарға жаңа капиталды тартуға негіз жасау арқылы өркендеу мен экономикалық өсуге әкеледі",- деді.