Шіл 20, 2023 22:14 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік қаржы қоры: Ресейдің астық келісімінен шығуы азық-түлік қауіпсіздігіне қатерді арттырады

Дүниежүзілік қаржы қоры сәрсенбі күні өз мәлімдемесінде: "Ресейдің Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімінен шығуы дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне қатерді арттырады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы мәлімдемеде: "Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімінен шығу және келісімшартты бұзу Африка, Батыс Азия және Азия елдерінің экономикасы мен азық-түлік инфляциясына қатты әсер ететін болады және бүкіл әлемде инфляцияның жоғарылауына себеп болады",-делінген.

Дүниежүзілік қаржы қорының айтуынша, Украинадан Қара теңіз арқылы әлемнің түкпір-түкпіріне азық-түлік, астық және тыңайтқыш экспорттауды жеңілдету туралы келісімшарт – өте ықпалды құжат.

Ресей Президенті Владимир Путин сәрсенбі күні: "Осы елге берілген уәделер орындалғаннан кейін Мәскеу Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісіміне қайта орала алады",-деп мәлімдеді.

Путин осы келісімше қайта оралудың басты шартын Ресейдің астығы мен химиялық тыңайтқыштарын санкциялардан босатып, жаһандық нарықтарда ұсынуға мұрсат беру деп атады.    

Тегтер