Шіл 23, 2023 17:42 Asia/Almaty
  • Сербия Парламентінің төрағасы Теһранда

Сербия Парламентінің төрағасы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы орынбасарының қарсы алуымен Теһранға келді.

Сербия Парламентінің төрағасы Орлич осы екікүндік сапарда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасымен және басқа да бірқатар басшылар, соның ішінде Иран Президентімен кездесіп, сұхбаттасады деп жоспарланған.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының орынбасары Теһранда Сербия Парламентінің төрағасын қарсы алғаннан кейін сөйлеген сөзінде: "Иран табиғи, тарихи және экономикалық салаларда жақсы әлеуеттерге ие. Біздің тарапымыздан Сербиямен қарым-қатынасты дамытуға еш кедергі жоқ",-деді.

Владимир Орлич Теһранға келген бетте берген сұхбатында: "Иран мен Сербия – дос елдер. Екі елдің қарым-қатынасы болашақта дами түсуі керек деген сенімдеміз. Бүгінгі сапардың мақсаты – осы",-деді.  

Тегтер