Шіл 23, 2023 18:05 Asia/Almaty
  • Иран мен БАӘ Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі өзінің әмірлік әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынасты нығайту жолдарын талқылады.

Қос тарап осы сұхбатта екі елдің ортақ мүдделерін қамтамасыз ету және аймақтың тұрақтылығы мен дамуына ықпал ету мақсатында екіжақты қарым-қатынасты нығайту жолдарын талқылады.

Теһран-Абу-Даби қарым-қатынасы қайта басталғаннан кейінгі бірнеше айда екі елдің Сыртқы істер министрлері өзара байланысты нығайту қажетін баса айтып келеді.

Амир Абдуллахиан мен Бен Заид 12 хордадта ОАР-дың астанасы Кейптаунда өткен  BRICS саммиты аясында кездесіп, екіжақты байланыс пен аймақтық және халықаралық өзгерістер жайлы пікір алмасқан болатын.  

 

Тегтер