Амир Абдуллахиан ислам елдерін Құранға құрметсіздікке қатысты кесімді позиция білдіруге шақырды
Иран Сыртқы істер министрі өзінің кувейттік әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, Швеция мен Данияда болған Құранға құрметсіздікті айыптап, ислам елдерін осыған қатысты кесімді позиция білдіруге шақырды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан жексенбі күні Салем Абдулла әл-Джабер әс-Саббахпен телефон арқылы сұхбатында Кувейт үкіметінің Швеция мен Данияда болған Құранға құрметсіздікті айыптағанына алғыс айтып, Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысын өткізіп, исламдық құндылықтарға құрметсіздікті айыптау үшін қатаң үндеу жариялауды сұрады.
Салем Абдулла әл-Джабер әс-Саббах Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің төтенше отырысын өткізу ұсынысын қолдап: "Кувейт үкіметі Құран кітабы мен исламдық құндылықтарға құрметсіздік көрсетуді қатаң айыптайды",-деді.