Шіл 24, 2023 19:31 Asia/Almaty
  • Раиси: Үстемшіл жүйе басқа үкіметтермен қарым-қатынасты өз мүддесіне сай реттейді

Иран Президенті жексенбі күні Сербия Парламентінің төрағасы Владимир Орличпен кездесуінде: "Үстемшіл жүйе басқа үкіметтермен қарым-қатынасты өз мүддесіне сай реттейді. Мемлекеттердің басшылары олардың бүлдіргі ықпалына қырағылықпен тосқауыл қоюы керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси осы кездесуде үстемшіл жүйенің Иран халқына қарсы салған санкцияларының ойсырай жеңіліс тапқанына тоқталып: "Иран халқы санкциялар және қысымдарға бола тоқтап қалған жоқ, керісінше түрлі технологиялық салаларда даму үшін осы қоқан-лоқыларды зор мүмкіндікке айналдырды. Бұлар әртүрлі елдермен ынтымақтастықты тереңдетуге көмектесе алады",-деді.  

Владимир Орлич ИИР-ды ғылыми-технологиялық және экономикалық жетістіктерге қол жеткізгенімен құттықтап, АҚШ-тың түрлі ұлттарға қарсы антигуманистік санкцияларын айыптады. 

Тегтер