Шіл 25, 2023 17:06 Asia/Almaty
  • Сербия парламентінің спикері: Белград Теһранмен қарым-қатынасты жақсартуды көздеп отыр

Сербия Парламентінің төрағасы Иранның Сыртқы істер министрімен кездесуінде өз елінің үкіметі мен парламентінің ИИР-мен жан-жақты қарым-қатынастарды ілгерілету жөніндегі ерік-жігерін қуаттады.

 

Бұл кездесуде Амир Абдуллахиан мен Орлик екіжақты ынтымақтастық саласындағы, әсіресе парламенттік дипломатия саласындағы қызығушылық тудыратын тақырыптарды талқылады.

Иран Сыртқы істер министрі Сербия парламентінің төрағасы мен онымен бірге келген делегацияның қатысу мүмкіндігін екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін маңызды деп санады. Амир Абдуллахиан саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын оң бағалап, екі ел делегацияларының алмасуы жоғары деңгейде жалғасын тауып, ынтымақтастықты барынша кеңейтуде рөл атқаратынына сенім білдірді.

ИИР Сыртқы істер министрі сондай-ақ Швеция мен Данияда Құран Кәрімді қорлауды әлемдегі екі миллиард мұсылманның сезімін жаралаудың себебі деп  тауып: «Қасиетті кітаптарды қорлауды айыптаймыз және сөз бостандығын сылтауратып, мұсылмандар мен илаһи діндердің ұстанушыларының қасиетті нәрселеріне тіл тигізетін әрекеттерге жол бермеу керек деп есептейміз»,- деді.

  

 

Тегтер