Шіл 25, 2023 17:27 Asia/Almaty
  • Алдағы төрт айда Астрачай көпірі пайдалануға беріледі

Иран мен Әзірбайжанның бірлескен экономикалық комиссиясының басшылары алдағы төрт ай ішінде Астарачай көпірінің инфрақұрылымын аяқтап, пайдалануға беру туралы келісті.

 

 

Мехрдад Базарпаш, Иран Жол және қала құрылысы министрі және Иран мен Әзірбайжанның   бірлескен экономикалық комиссияның төрағасы Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаевпен сұхбатында екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың дамып келе жатқанына ерекше тоқталды. Сондай-ақ екі тарап Астарачай көпіріне қатысты қалған жұмыстарды тездетіп, қысқа мерзімде аяқтауға келісті және бұл көпір алдағы төрт айда пайдалануға беріледі деп шешілді. ХодаАфарин электр стансасын пайдалануға және іске қосуға дайындауды жеделдету екі тараптың да баса назар аударған мәселелерінің бірі болды.

Жақында екі жақтың Астарада өткен кездесуіне тоқталған Мұстафаев Базарпашқа жоғары деңгейдегі кездесулерге сілтеме жасап,  Әзірбайжан үкіметі мен президентінің осы кездесулердің маңыздылығы мен тиімділігі туралы жолдауын жеткізді.

 

Тегтер