Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің шұғыл отырысы келесі дүйсенбіде өтеді
(last modified Wed, 26 Jul 2023 10:57:46 GMT )
Шіл 26, 2023 16:57 Asia/Almaty
  • Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің шұғыл отырысы келесі дүйсенбіде өтеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани дүйсенбі күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің виртуалды шұғыл отырысын өткізу туралы хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани: «ИИР мен Ирак Сыртқы істер министрлерінің бірлескен ұсынысы және Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахианның ислам елдеріндегі әріптестерімен байланыстары мен оларға жолдаулар жіберуі және ИЫҰ Бас хатшысымен сөйлесуі және осы ұйымның Бас хатшысына жіберілген хатынан кейін  ұйым сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысын дүйсенбі, 31 шілдеде өткізуге келісті. Бұл отырыста Швеция мен Данияда қасиетті Құранға құометсіздік көрсетілу мәселесі талқыланады»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер