Антониу Гутерриш аятолла Систанидің Құран Кәрімді қорлау туралы хатына жауап берді
(last modified Fri, 28 Jul 2023 11:37:45 GMT )
Шіл 28, 2023 17:37 Asia/Almaty
  • Антониу Гутерриш аятолла Систанидің Құран Кәрімді қорлау туралы хатына жауап берді

БҰҰ Бас хатшысы Ирак шиіттерінің әйгілі ғұламасының Швеция мен Данияда Құран Кәрімді қорлауға қатысты хатына жауап берді.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Антониу Гутерриш кеше бейсенбі күні Ирак шиіттерінің  аятолла Сейед Әли Систанидің Швеция мен Данияда Құран Кәрімді қорлауына қатысты хатына жауап беріп, осы сұмдық әрекетті айыптай отырып, ислам қауымына ынтымақтастығын білдірді.

Бұған дейін Швеция мен Данияда Құран Кәрімді қорлауға оеакция білдіріп, БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында ирактық шиіттердің жоғары көшбасшысы осы екі еуропалық елдегі мұндай жексұрын әрекеттерді айыптап, халықтың бостандығына құрметпен қарау керектігін баса айтқан болатын.  Аятолла Сейед Әли Систани БҰҰ-нан мұндай сұмдық әрекеттердің қайталануын болдырмау үшін тиімді шаралар қабылдауды сұрады.

Бейсенбі күні, 20 шілдеде соңғы бірнеше аптада Ирак-Швеция азаматы «Салван Момика» Швеция полициясының қолдауымен екінші рет Құран Кәрімді балағаттады. Бұл мұсылман елдерінің реакциясын тудырған зорлық-зомбылық әрекет болды.