Шіл 29, 2023 17:36 Asia/Almaty
  • Армения халықаралық қауымдастықтан Лачин дәлізін қайта ашуға қысым жасауды сұрады

Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары халықаралық қауымдастықтан Арменияның жүк көліктері өтуі үшін Баку үкіметіне Лачин дәлізін қайта ашуға қысым жасауды сұрады.

Ваан Костанян Баку үкіметін Лачин дәлізін жапты деп айыптап, Ереванның халықаралық одақтастарынан осы мәселеге араласып, 400 тонна гуманитарлық көмек тиеген 19 жүк көлігінің осы өткелден өтуіне рұқсат алуын сұрады.

Армения басшыларының айтуынша, аталмыш жүк көліктері 26 шілдеден бері осы өткелде тоқтап тұр.

Ресейлік бітімгер күштердің бақылауындағы Лачин дәлізі былтырғы жылдың желтоқсан айынан бері 7 ай бойы Әзірбайжан республикасына қатысты адамдар тарапынан жабылды. Биылғы сәуір айында Әзірбайжан күштері сол жерде бір бақылау-өткізу пунктін ашты. Армения бұған қатты наразылық білдіріп отыр.

Тегтер