Шіл 29, 2023 19:11 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның Ғазна қаласында имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға оқ атылды

Ауғанстанның Ғазна қаласында имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға оқ атылып, соның салдарынан 2 адам шәһид болып, 15 адам жараланды.

Осы атыс барысында 9 және 12 жасар екі бала қаза тапты. Кейбір ақпарат көздері 4 адам шәһид болды деп хабарлады.

Ғазнадағы Талибанның жергілікті басшылары әлі күнге бұл оқиғаға реакция білдірмеді.

Кеше Кабулдың маңында Ашура – имам Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімі барысында Талибан күштері әуеге оқ атты.

Соңғы күндері Кабулдың батыс аудандарында имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушылардың соққыға жығылғаны туралы ақпараттар тарады.  

 

Тегтер