Швециядағы Иран елшілігі Құран кітабына құрметсіздік көрсетілгенін айыптады
Швециядағы Иран елшілігі Құран кітабына тағы да құрметсіздік көрсетілгеніне реакциясында: "2 млрд мұсылман мен әлемнің барша азат халықтары бүгін тағы да өз көздерімен Құранға құрметсіздік көрсетілгеніне куә болды",-деп мәлімдеді.
"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Швециядағы Иран елшілігі Твиттердегі жеке парақшасында Құран кітабына құрметсіздік көрсетілгеніне реакциясында: "Тағы да Құран кітабы өртелді. Осы жолы Швеция Парламенті ғимаратының алдында",-деп жазды.
Иран елшілігінің жазбасында: "Таңданыс тудыратыны, Швеция үкіметі сөз бостандығын сақтау үшін бұған ештеңе істей алмаймыз дейді!!!",-делінген.
Швеция-Ирак азаматы Селван Момика тағы бір адаммен бірге осы жолы Швеция Парламенті ғимаратының алдында Құран кітабын өртеді.