Нигерде Францияға қарсы наразылықтар күшейді
Там 02, 2023 22:57 Asia/Almaty
Францияға қарсы наразылықтар күшейгеннен кейін осы ел азаматтарының бірінші тобы Нигерден қайтты.
Францияның бір ұшағы осы елдің бірқатар азаматтарын Нигер астанасы Ниамейдің әуежайынан алып кетті.
Франция СІМ: "Нигерде жағдай ушығып, Франция елшілігіне қарсы қатыгездіктер болған соң, өз азаматтарымызды осы елден шығарып жатырмыз",-деп мәлімдеді.
Нигер әскерилері өткен аптада осы елдің Президентін қызметінен шеттетіп, билікті басып алды. Нигер – Африканың жағалауы деп аталатын аймақта Францияның ең соңғы одақтастарының бірі. Нигер халқы өткен бір аптада Францияға қарсы бірнеше шеру өткізіп, осы елдің туын өртеді. Наразылар сондай-ақ Ниамейдегі Францияның елшілігіне шабуыл жасады.
Тегтер