Там 02, 2023 23:12 Asia/Almaty
  • Польша Премьер-министрі өз елшісінің Украина СІМ-ге шақыртылғанына ашу-ыза білдірді

Польша Премьер-министрі соғыс басталғанда өз елінің Украинаға көп көмек бергеніне тоқталып, Киевтегі Варшава елшісін СІМ-ге шақыртуды қате әрі қабылдауға келмейтін шара деп атады.

Матеуш Моравецкий Твиттердегі жеке парақшасында Украинадағы Варшаваның елшісін СІМ-ге шақыртуды қабылдауға келмейтін әрекет деп атап: "Ешбір елдің мүддесін өз еліміздің мүддесінен жоғары қоймаймыз",-деп жазды.

Бұған дейін Польша Қорғаныс министрлігі: "2022 жылы 24 ақпанда Украина мен Ресей арасында соғыс басталғалы бері Варшава Киевке 3 млрд еуро тұратын әскери көмек берді",-деген болатын.

Украина СІМ кеше: "Польшаның жоғары лауазымды басшыларының бірі украиндарды шүкірсіз деп атағаннан кейін Киевтегі осы елдің елшісін СІМ-ге шақыртты",-деп уәж айтты.

Тегтер