Там 03, 2023 19:57 Asia/Almaty
  • Иранның жасөспірім балуандары әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Иранның ұлттық командасы жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемионатында жеңімпаз атанды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияның Стамбұл қаласында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен әлем чемионаты өтті. Жарыс соңында Иран командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен әлем чемпионы атанды.  

Командалық рейтингте Иран 113 ұпаймен бірінші орын, Әзірбайжан 108 ұпаймен екінші орын, Грузия 96 ұпаймен үшінші орын алды.  

Иран Президенті Ибрахим Раиси сәрсенбі күні арнайы хат жолдап, Иранның жасөспірім балуандарын Түркияда өткен әлем чемионатындағы жеңістерімен құттықтады.  

Тегтер