Амир Абдуллахиан: Иран мен Пәкістан өзара сауда айналымын 5 млрд еуроға жеткізуді көздеп отыр
(last modified Sat, 05 Aug 2023 05:51:33 GMT )
Там 05, 2023 11:51 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Пәкістан өзара сауда айналымын 5 млрд еуроға жеткізуді көздеп отыр

Иран Сыртқы істер министрі: "Иран мен Пәкістан өзара сауда айналымын 5 млрд еуроға жеткізуді көздеп отыр",-деді.

Амир Абдуллахиан жұма күні кешке өзінің пәкістандық әріптесі Билавал Бхутто Зардаримен кездесіп, екікүндік сапардың қорытындысын жасап, Карачиден Теһранға қайтты.

Амир Абдуллахиан Пәкістанға сапарының аяғында Instagram парақшасында: "Бұл сапардың мақсаттары Иран мен Пәкістан арасында бұрын жасалған келісімдердің орындалу үдерісін тездету, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа көңіл аудару және болашаққа жоспар құру, қол қойылған ынтымақтастық құжаттарының орындалуын қадағалау, тату көршілестік саясатын дамыту аясында екі елдің ортақ саяси және қауіпсіздік мәселелерін талқылау болды",-деп жазды.  

Амир Абдуллахиан сондай-ақ: "Соңғы 20 айда екі елдің сауда айналымының көлемі жақсы деңгейге жетсе де, қанағаттандырарлық емес. Келесі қадам – сауда айналымын 5 млрд еуроға жеткізу",-деп жазды.

Тегтер