Там 06, 2023 13:52 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ауғанстан арасында сауда келісімшарттарына қол қойылды

Қазақстан мен Ауғанстанның жеке сектор өкілдері коммерциялық келісімшарттарға қол қойды.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстандағы Талибан үкіметінің Сауда және өнеркәсіп министрлігінің баспасөз өкілі жұма күні: "Қазақстан мен Ауғанстанның жеке секторлары арасында өткен бизнес форумның нәтижесінде жалпы құны 100 млн доллар тұратын түрлі келісімшарттарға қол қойылды",-деп хабарлады.

Абдусалам Джавад: "Келісімшарттармен қоса, Астана қаласында 70 стендте Ауғанстан өнімдерінің көрмесі өтті",-деді.

Абдусалам Джавад: "Көрмеге жеміс-жидек, кептірілген жемістер, тағамдық шөптер, шафран, бағалы және жартылай бағалы тастар, қалы кілем, қолөнер бұйымдары, азық-түлік және түрлі сусындар қойылды",-деді.

Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Нуреддин Азизи бастаған делегация бірнеше күн бұрын Қазақстан елордасы Астана қаласына барды. Делегация құрамында Ауғанстанның түрлі саласында жұмыс істейтін жеке сектор өкілдері болды.

Тегтер