Иран Шри-Ланкамен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайын
Иран Сыртқы істер министрі өзінің шриланкалық әріптесімен кездесуінде Теһран үкіметінің Шри-Ланкамен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға дайын екенін мәлімдеді.
Кездесуде екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланды.
Амир Абдуллахиан осы кездесуде ИИР-дың Шри-Ланкамен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға, соның ішінде Ортақ экономикалық комиссия, Ортақ консулдық және туристік комитеттің жұмысын жандандырып, аймақтық және халықаралық ұйымдарда әріптестікті арттыру керегіне назар аударып, мәдениет, ғылым, университет, туризм және жаңа технологиялар салаларында әріптестік жасауға ортақ саяси ерік-жігер барын, іргелі ғылымға негізделген компаниялардың мүмкіндіктерін пайдалану керегін баса айтты.
Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Әли Сабри осы кездесуде Иранға келгеніне ризалық білдіріп: "Барлық қысымдар, жауластықтар мен санкцияларға қарамастан ИИР бейбіт жұмыстарын жалғастырып жатыр. Иран халқының ғылым, технология мен өнеркәсіп салаларындағы жетістіктері қуантады",-деді.