Украина Ресейдің 6 айлағын әскери аймақ деп жариялады
(last modified Sun, 06 Aug 2023 10:09:16 GMT )
Там 06, 2023 16:09 Asia/Almaty
  • Украина Ресейдің 6 айлағын әскери аймақ деп жариялады

Украина: "Қара теңіздегі Ресейдің алты айлағы, соның ішінде Анапа, Новороссийск, Геленджик, Туапсе, Сочи мен Тамань 23 тамыздан бастап соғыс қаупі бар аймақ болып саналады",-деп ескертті.

BBC арнасының хабарлауынша, Украина мен Ресей соғысының жалғасында Киев Мәскеуге:"17 күннен кейін Қара теңіздегі Ресейдің алты айлағын соғыс қаупі бар аймақ болып саналады",-деп ескертті.

Сенбі күні Украина жүздеген килограмм оқ-дәрі тасымалдай алатын бір ұшқышсыз ұшағын Қара теңіздегі Ресей кемелеріне шабуыл жасауға пайдаланды.

Соңғы шабуылда Керчь бұғазында тұрған көпірдің оңтүстігінде бір ресейлік танкер нысанаға алынды.

Танкер Сириядағы Ресей армиясына ұшақ отынын тасымалдайтындықтан АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілген.

Мәскеу осы шабуылға реакциясында Киевті лаңкестік шабуыл жасады деп айыптады. Украина шабуылдың теңіздегі өз акваториясында жүзеге асырылғанын айтып отыр.

 

Тегтер