Ресей Украинаға "Кинжал" ультрадыбыстық зымырандарымен шабуыл жасады
(last modified Sun, 06 Aug 2023 11:03:50 GMT )
Там 06, 2023 17:03 Asia/Almaty
  • Ресей Украинаға

Украина әуе күштері өз территориясына, соның ішінде Киевке Ресейдің "Кинжал" ультрадыбыстық зымырандары шабуыл жасағанын хабарлады.

Ресей мен Украинаның ұшқышсыз ұшақ және зымырандармен шабуылдары күшейгеннен кейін ақпарат құралдары Ресейдің Украинаның түрлі облыстарына "Кинжал" ультрадыбыстық зымырандарымен шабуыл жасағанын хабарлады.

"Правда" украиналық сайтының хабарлауынша, Ресей күштері Тамбов облысынан Миг-31 қырғи ұшақтарының көмегімен Украинадағы нысандарға "Кинжал" зымырандарын атты.

Кинжал – 2018 жылы наурызда Ресей Президенті Владимир Путиннің Думада сөйлеген сөзінен кейін таныстырылған ондаған жаңа стратегиялық қару-жарақтардың бірі.

Украина күштері шабуылдардың бірнеше кезекте орын алғанын, зымырандардың Староконстантинов, Хмельницкий, Полтава және Винница қалаларына қарай атылғанын хабарлады.