Мәскеу маңында екі украин дроны жойылды
https://itolqyn.com/news/world-i71646
Ресей армиясының әуе-қорғаныс кешені Мәскеуге бағыт алған екі украин дронын құлатты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 09, 2023 21:14 Asia/Almaty

Ресей армиясының әуе-қорғаныс кешені Мәскеуге бағыт алған екі украин дронын құлатты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу әкімі Сергей Собянин мен Ресей Қорғаныс министрі бүгін, сәрсенбі күні: "Украина армиясының екі дроны Мәскеуге жетер жолда жойылды",-деп мәлімдеді.

Ресей басшылары: "Киев жоспарлаған лаңкестік шабуыл еш нәтиже бермеді",-деп ескертті.  

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, түнде Киевтің Мәскеуге жасамақ болған дрондар шабуылы залалсыздандырылып, екі дрон әуе-қорғаныс кешені тарапынан жойылды.

Сергей Собяниннің айтуынша, дрондардың бірі Ресей астанасының оңтүстігінде, екіншісі Мәскеуді Беларуське қосатын М1 күре жолының үстінде жойылды.