Ұлыбритания елшісі Иран СІМ-не шақыртылды
(last modified Thu, 10 Aug 2023 16:30:26 GMT )
Там 10, 2023 22:30 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания елшісі Иран СІМ-не шақыртылды

Ирандағы Ұлыбритания елшісінің Тілшілер күні қарсаңында ішкі іске араласу сипатында айтқан сөздерінен кейін ол сәрсенбі күні кешке Иран СІМ-нің Батыс Еуропа департаментіне шақыртылды.

ИИР үкіметі Ұлыбритания елшісіне оның дипломатиялық ережелерге қайшы позицияларына қатысты наразылық білдірді.

Иран СІМ-нің Батыс Еуропа департаментінің директоры: "Ойластырылмаған, жауапсыз әрі дипломатиялық ережелерге қайшы сөздер ішкі іске араласудың айқын үлгісі саналады, сондықтан мұны мүлде қабылдауға келмейді",-деді.  

Иран СІМ-нің Батыс Еуропа департаментінің директоры сондай-ақ Лондонда орналасқан кейбір ақпарат құралдарының сөз бостандығын сылтауратып ИИР-ға қарсы жасап жатқан бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып: "Ұлыбритания ИИР жайлы пікір білдіретін жағдайда емес. Бұл – Иран Ислам республикасы. Бейбастақ әрекеттермен ИИР егемендігіне нұқсан келтіруге рұқсат бермейміз",-деді.

Ұлыбритания елшісі Лондон үкіметінің өзара құрмет негізінде ИИР-мен қарым-қатынасты сақтауға ниетті екенін мәлімдеді.

Тегтер